Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?
Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?
193
оқылды
Алдағы мерекелерде қаланың қоғамдық көліктері демалыс күндердің кестесі бойынша жүреді, - деп хабарлайды City Transportation Systems компаниясы.
"Алдағы 1, 2, 3, 4 және 7 қаңтардағы мерекелік күндерге байланысты қоғамдық көліктер демалыс күндердің кестесі бойынша жүреді. Жолаушылар ағынының төмендеуіне байланысты желіге автобустар аз шығарылады. Қалалықтар өз бағыттарын алдын ала жоспарлағаны абзал", –  деп атап өтті компания.
Елорда автобустарына маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеу арқылы жүргізіледі.