Алматыда өз-өзіне қол салмақ болған ер адам құтқарылды
Алматыда өз-өзіне қол салмақ болған ер адам құтқарылды
116
оқылды
Алматыда жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері суицид жасамақ болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға түн ортасы шамасында қаланың Әуезов ауданында орын алған. – Мен №14 модульдік бекетте қызметке тұрдым. Бір кезде ағаштардың арасынан бір адамды байқадым. Оның іс-әрекеті күдікті көрінді. Жақын барған кезімде оның асылып қалғанын байқадым. Мен жүгіріп барып, оның аяғынан ұстап, жоғары көтеріп, сымды босатып, адамды түсірдім. Ол есінен танып қалды. Тіршілік белгісін көрсетпеді. Сосын мен оның аяғынан ұстап, дем алғанша жоғары қарай көтере бастадым. Бірнеше секундтан кейін ер адам терең дем шығарды. Осы кезде жедел жәрдем келді, – дейді жедел әрекет ету арнайы жасағының аға инспекторы Санат Шөнеков.
Ер адам аман қалды.
Бұл 37 жастағы С. есімді азамат. Неліктен ер адам мұндай әрекетке баруға шешім қабылдады, біз оны тексеру жұмыстары кезінде анықтаймыз. Қазір ол ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдары тіркелді, – деді Әуезов АПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.