Жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты
Жұлдыздар аллеясы жаңа есімдермен толықты
179
оқылды
Жаңа жыл қарсаңында «Қазақфильм» киностудиясы аумағында 2011 жылы ашыл­­­­­ған жұлдыздар аллея­сы жаңа есімдермен толық­ты. Оған қоса, отандық кине­ма­тография­ның дамуына үлес қосқан танымал тұл­ға­лар­ға арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ кино жұлдыздарының аллеясына 13 жаңа есім қосылды, олардың арасында Халық жазу­шысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменов, қазақ кино­сы­ның ардагері, дыбыс операторы Қа­дыр Қосай, актриса, Қазақ­станның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешева бар. Ал ескерткіш жұлдыздар өмірден өткен әртістер мен еңбек сіңірген қайраткерлерді еске алу үшін жа­салған
«Өкінішке қарай, қазақ киносының негізін қалаушы­лардың көбі арамызда жоқ. Олар­ды еске алып, ұмытпауымыз керек. Баршаңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймын, бә­ріңізге зор денсаулық тілеймін», – деді Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.
Салтанатты шара кезінде «Қазақфильм» кино­студиясының президенті Ақан Сатаев Саты­балды Нарымбетовтің ұлдарына Франциядағы кино­фестиваль аясында берілген «Отандық кине­матографияның дамуына үлес қосқаны үшін» сыйлығын табыс­тады.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ