Сәкен Бибосынов медаль алып, миллионер болды
Сәкен Бибосынов медаль алып, миллионер болды
Фото: KZEmbassyFR
285
оқылды

Токио Олимпиадасында қола, Әлем чемпионатында алтын медаль алған боксшы «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. Бұл туралы Сәкен Бибосынов Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Елінің ертеңін ойлаған азамат, тарихын түгендеп, өткенін өшірмей, бабаларын бағалап жүреді. «Ел қорғаны, ер аманаты» деген дана халқымыз! Аманатты арқалап, жерім деп жегіліп, елім деп еміреніп өту Отанның ұландарына міндет. Иә, бүгінгі бейбіт заманда қолға қару алып, жауға шабатын күнді Құдай басқа салмасын, тек шекарамыздың шетін күзетіп, елдің тыныштығын сақтап жүрсе игі. Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек. Әрбір адам еліміздің мүддесі үшін адал еңбек етіп, ұлтжанды азамат болуы керек. Мен Қазақстан Республикасына қызмет етемін!», – деп жазды боксшы.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ????????? ????? ?? (@sakenbibosinov)

Бұған дейін Сәкен Бибосыновтың үйленгенін хабарлаған болатынбыз.