Бекболат Тілеухан Мәжілістен кетті
Бекболат Тілеухан Мәжілістен кетті
Фото: dalanews.kz
267
оқылды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Бекболат Тілеухан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр»,  – деді А. Смағұлов.

Жиында Бекболат Тілеухан демалыс керек екенін айтты.

«Мәжілістен кеткен себебім, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Емделемін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес», – дейді Бекболат Тілеухан.