Зерттеу қорытындысы: қазақстандықтардың Nur Otan партиясына сенімі - 76,6%

Зерттеу қорытындысы: қазақстандықтардың Nur Otan партиясына сенімі - 76,6%

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 3 миллионнан астам жас дүниеге келген. Олар Кеңес үкіметі туралы мәліметті тек кітаптан оқыған. NurOtanTrends алаңында тәуелсіз Қазақстанда туған жас ұрпақтың құндылықтары мен болашағы талқыланды. Әлеуметтік зерттеу жүргізген мамандар мен сарапшылар Елбасы жариялаған «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарының Қазақстан азаматтары үшін маңызын айтты.

Сарапшылардың айтуынша, кейінгі жылдары Қазақстан азаматтарының билеуші партияға сенімі артып келеді. Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеевтің айтуынша, кейінгі 2-3 жылда Nur Otan билеуші партияға айналды. Оған дейін биліктің партиясы болған.
"Саясаттанудағы мына екі ұғымды көбі шатастырады: биліктің партиясы және билеуші партия. Жылдар бойы Nur Otan биліктің партиясы болып келеді. Ол партия құрамында министрлер мен әкімдер бар дегенді ғана білдіреді. Ал билеуші партия сол министрлер мен әкімдер арқылы саясатын жүргізе алады. Мүшелерінің жұмысын қадағалайды, тапсырма береді. Тағы бір қызметі – мәжілістегі, мәслихаттағы фракциялардың жұмысы", – дейді Оразғали Селтеев.
Nur Otan партиясы қоғамдық саясат институты 6800 респондент қатысқан зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысында халықтың билік институттары мен Nur Otan партиясына деген сенімі жылдан-жылға артып жатқаны байқалған. Институт директоры Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, зерттеуде қазақстандықтардың Nur Otan партиясына сенімі – 76,6%. [caption id="attachment_177582" align="aligncenter" > Мадина Нұрғалиева[/caption]
"Демек халық, партияның мәртебесін мойындайды, оның мүддесіне қызығады, талаптарын орындайды. Респонденттердің 59,9%-ы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысқан. 55%-ы партияның сайлауалды бағдарламасында жазылған уәдесі орындалып жатқанын жеткізген", – дейді Мадина Нұрғалиева.
Мадина Нұрғалиева зерттеу қорытындысына әр өңірде орналасқан қоғамдық қабылдаулар, кеңестер дәлел болатынын айтты. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев та партияның тиімді жұмысының негізгі көрсеткіштерінің бірі партия ішінде өткен сайлау мен қоғамдық кеңестердің жұмысы екенін айтты. [caption id="attachment_177583" align="aligncenter" > Елнұр Бейсенбаев[/caption]
«Қоғамдық қабылдауларда 160 мыңнан астам кездесу өтті. Онда айтылған мәселенің 98%-дан астамы шешілді. 2020 жылдың басты жаңалығы – праймериз болды. Халықты қандай мәселе мазалайтынын праймериз кезіндегі кездесулерде білдік. Соның қорытындысы ретінде үлкен сайлауалды бағдарлама дайындалды», – деді депутат Елнұр Бейсебаев.
Пікірталас алаңына онлайн қосылған саясаттанушы Никита Шаталов та пандемия кезіндегі партияның дамуы мен команданың үйлесімді жұмысын атап өтті. [caption id="attachment_177584" align="aligncenter" > Никита Шаталов[/caption]
"Nur Otan партиясы пандемия кезінде атқарылған әлеуметтік бастамалары мен волонтерлік істері нәтижесінде ықпалын одан әрі арттырып, халықтың сеніміне кіре алды. Партияның жұмысы жалпы сайлау процесіне айтарлықтай әсер етті. Ауылдардың әкімдігінің кадр құрамы айтарлықтай жаңартылған. Партияның ұйымдастырушылық дайындығы мықты", – деді саясаттанушы.
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалинаның пікірінше, кез келген мемлекеттің даму деңгейін үш нысанда бағалауға болады. Олар: мемлекеттің балаға көзқарасы, әйелге және аға буынға көзқарасы мен қарым-қатынасы. [caption id="attachment_177587" align="aligncenter" > Алуа Жолдыбалина[/caption]
"Мысалы, 2005 жылы елдегі мектепке дейінгі білім беру көлемі 18,6% болса, ол 2020 жылы 98%-ға жетті. Сонымен бірге Қазақстанның сот жүйесіндегі әйелдердің үлес 2010 жылы 39% болса, 10 жылда 49%-ға жетті. Жоғарғы сотта жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 10 жыл бұрын 28% болса, қазір 51%-дан асады. Бұл – мемлекет саясатының нәтижесі, яғни жылдан-жылға балаларға, әйелдерге жақсы жағдай жасалып жатыр, мүмкіндіктер беріледі, әлеуметтік лифт бар", – дейді ол.
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев Қазақстандағы әр бесінші азамат 14-29 жас аралығындағы жас екенін айтты. [caption id="attachment_177588" align="aligncenter" > Аян Сакошев[/caption]
"Елбасы бекіткен "Елдіктің жеті тұғыры" қағидатында отбасы мәселесі мен салт-дәстүрге ерекше назар бөлінген. Біздің зерттеулеріміз де соны нақты көрсетеді. Жастардың құндылығын қалыптастыратын негізгі институт – отбасы. Партияның барлық құжатында да отбасы мәселесіне ерекше назар аударылады", – дейді Аян Сакошев.
Ол алдағы уақытта да отбасы құндылығына баса назар аудару керек екенін жеткізді. Парламент мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаевтің айтуынша, Қазақстандағы дауыс беруге мүмкіндігі бар азаматтардың 45%-ы жастар.
"Қазақстанда 32 жасқа дейінгі жастардың саны – 6,2 млн. Дауыс беру мүмкіндігі бар 35 жасқа дейінгі жастардың саны – 5,2 млн. Яғни Қазақстандағы 11 млн азаматының дауыс беру мүмкіндігі болса, соның 45%-ы жастар", – дейді депутат.
Депутаттың пікірінше, Елбасы "Елдіктің жеті тұғыры" қағидатын ел жастарына, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырды.