Мыңжасаров Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарады
Мыңжасаров Ішкі мемлекеттік аудит комитетін басқарады
Фото: primeminister.kz

Қаржы министрінің бұйрығымен Ержан Тілекұлы Мыңжасаров Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ержан Мыңжасаров 1971 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы слесарь-жөндеуші болып бастаған. 1993 жылдан бастап 1999 жылға дейін жеке ұйымдарда жұмыс істеді. 2000-2003 жылдары мемлекеттік несиелердің мақсатты пайдаланылуын бақылау бөлімінің жетекші бақылаушы – тексерушісінің міндетін атқарушы. Мемлекеттік сыртқы қарыздар мен несиелердің мақсатты пайдаланылуын бақылау басқармасының мемлекеттік несиелердің мақсатты пайдаланылуын бақылау бөлімінің басшысы, Үйлестіру және ұйымдастыру жұмысы басқармасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының ішкі бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2003-2008 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің Ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы. 2008-2009 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің №2 Бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті №2 республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасының басшысы. 2010-2012 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары. 2012-2016 жылдары – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының басшысы. 2016-2020 жылдары ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымын атқарған. 2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.