1. Bazis Construction ЖШС
2021 жылы мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 198,8 млрд теңгеге келісімшарт жасасқан. Ең ірі тендерлерінің бірі – 2019 жылы «Метрополитен» коммунал мемлекеттік кәсіпорнымен жасасқан келісімшарты. Bazis Construction 42,7 млрд теңгеге Алматыдағы метро желісін салып жатыр. Ал 2021 жылы алған ең ірі тендерлерінің бірі – 19,9 млрд теңгеге Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасымен жасасқан келісімшарт. Шарт бойынша көпқабатты тұрғын үй кешендерін салуы керек. Айта кетейік, Bazis Construction – «Базис-А» компаниялар тобының құрылыс бөлімшесі. Оның негізін қалаушы – Александр Белович. Ал «Bazis Construction» компаниясын ұлы Павел Белович басқарады. Беловичтер отбасы Forbes анықтаған Қазақстандағы ең бай 50 адамның (2020) тізімінде жетінші орында тұр. Forbes-тің «Қазақстандағы 50 ірі жеке компания – 2019» рейтингінде «Bazis Construction» ЖШС 21-орында тұр.2. "Казахдорстрой" ЖШС
Компания 2021 жылы жалпы сомасы 109,1 млрд теңгеге 20 тендер алған. Оның ішіндегі ең ірісі – Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасымен 15,4 млрд теңгеге жасасқан келісімшарты. Келісім бойынша бойынша Есіл өзені арқылы өтетін көпір құрылысы мен Тәуелсіздік даңғылын салу. I кезекте Есіл өзені арқылы көпір құрылысы салынады. Компания 2005 жылдан бері жол және көпір құрылысымен айналысып келеді.3. "Атырауинжстрой-АИС" ЖШС
Құрылыс компаниясы 2021 жылы 107,8 млрд теңгеге тендер жеңіп алған. Ең ірі сомадағы келісімшарт – 24,1 млрд теңгеге. "Атырауинжстрой-АИС" бұл қаржыға Атырау облысында «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автомобиль жолын салып жатыр. Жол жөндеу жұмысы 2022 жылдың соңында бітеді деп жоспарланған. «Атырауинжстрой-АИС» 1999 жылдан бері жол және инфрақұрылым құрылысымен айналысады.4. KAZPACO ЖШС
2021 жылы жалпы сомасы 97,8 млрд теңге келісімшарт жасасқан. Биылғы ең ірі келісімі – Алматы қаласы Наурызбай ауданының Қалқаман-2 ықшам ауданында 1800 орынға арналған мектеп салу. Оған қала бюджетінен 7,9 млрд теңге бөлінген. KAZPACO» ЖШС – 2001 жылдан бері автомобиль жолын салу және өнеркәсіп құрылысы саласында қызмет етіп келе жатқан BI-GROUP холдингіне еншілес компания. BI-GROUP холдингі Forbes жасаған «Қазақстандағы 50 ірі жеке компания – 2019» рейтингінде бесінші орында тұр. Оның негізін қалаушылардың бірі Айдын Рахымбаев Forbes-тің "Қазақстандағы ең беделді 50 бизнесмен – 2021" рейтингінде 7-орынға тұрақтаған.5. "Павлодар өзен порты" АҚ
2021 жылы жалпы сомасы 93,8 млрд теңгеге келісімшартқа отырған. Ең ірісі – Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімімен жасасқан келісімшарты. Келісім бойынша Павлодар өзен порты 18,5 млрд теңгеге Атырау қаласындағы кәрізді тазартып, қайта жөндеуі керек. Бұл компания Павлодарда тіркелген. Оның басқарма төрағасы – Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Тілеубек Нұрсейітов. "Павлодар өзен порты" АҚ құрылтайшысы – "Сан" ЖШС. Бұл компанияны Зульфия Пшембаева басқарады, ал құрылтайшылары – Қанат Сыздықов пен Долорес Пшембаева. Долорес Пшембаеваның әкесі – Мәжіліс депутаты, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев, ал ағасы Мереке Пішембаев – Төтенше жағдайлар вице-министрі.6. "Алия-Сервис" ЖШС
Биыл компания 81,6 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған. Ең ірі тендері – Шахтинск қаласын газбен жабдықтау, газ құбырын тарту. Оған Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 8 млрд теңге бөлген. Компания Оралда тіркелген. Көбіне Орал қаласының құрылыс бөлімі мен БҚО-ның Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жариялаған тендерлерге ие болған.7. BiGlobal ЖШС
2021 жылы 74,3 млрд теңгеге келісімшарт жасасқан. Ең ірі сомадағы келісімшартты Шымкент қаласының құрылыс басқармасымен жасасқан. Компания келісім бойынша 15,3 млрд теңгеге Конгресс-холл салуы керек. Компания Нұр-Сұлтанда тіркелген, басшысы – Диас Әділханов. Ол Шымкентте тіркелген BI CONSTRUCTION TURKESTAN компаниясын да басқарады.8. "Казстройподряд" ЖШС
Компания биыл жалпы сомасы 71,8 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған. Ең ірі келісімшарты – Нұр-Сұлтандағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы. Оған "Елорда даму" ЖШС 9,5 млрд теңге бөлген. Компания 2005 жылдан бері сауда ойын-сауық орталығы, кеңсе, тұрғынүй, қонақүй, оқу орны, жатақхана, спорт кешені құрылысын салумен және әрлеу жұмыстарымен айналысып келеді. «Казстройподряд» салған ірі ғимараттар қатарында «Хазірет Сұлтан» мешіті, «Astana Marriott» қонақүйі, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы және Нұр-Сұлтандағы көпқабатты үйлер бар.9. "Корпорация АҚ ордасы" ЖШС
Компания 2021 жылы 64,1 млрд теңгеге мемлекеттік тапсырыс алған. Ең ірі тендері – Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының қабылдау корпусын қайта салу. Оған Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы 7,7 млрд теңге бөлген.10. EC ENERGY Qazaqstan ЖШС
Биыл 57,8 млрд теңге тендер алған. Ең ірі тендерін Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасынан алған. Келісім бойынша 9,7 млрд теңгеге Алматы қаласына қосылған елді мекендерді электрмен жабдықтауы керек.2021 жылы ең көп сомада тендер алған 10 компания
№ |
Компания атауы |
Тендердің жалпы сомасы, тг |
---|---|---|
1 |
Bazis Construction ЖШс |
198 782 442 292 |
2 |
"Казахдорстрой" ЖШС |
109 158 119 783 |
3 |
"Атырауинжстрой-АИС" ЖШС |
107 883 832 785 |
4 |
KAZPACO ЖШС |
97 845 355 339 |
5 |
"Павлодар өзен порты" АҚ |
93 808 533 610 |
6 |
"Алия-Сервис" ЖШС |
81 613 009 387 |
7 |
BiGlobal ЖШС |
74 379 571 205 |
8 |
"Казстройподряд" ЖШС |
71 826 101 214 |
9 |
"Корпорация АҚ ордасы" ЖШС |
64 151 956 932 |
10 |
EC ENERGY Qazaqstan ЖШС |
57 879 620 876 |