Мотоциклмен бес жылқы ұрлаған ұрылар ұсталды – видео
Мотоциклмен бес жылқы ұрлаған ұрылар ұсталды – видео
Фото: mbl.is

Маңғыстауда ұрланған мотоциклмен 5 жылқы ұрлаған 2 адам ұсталды, – деп хабарлайды polisia.kz.

Екеуі мотоциклмен бес жылқы ұрлаған. Полицейлер Жетібай – Құрық тас жолында ГАЗель автокөлігін тоқтатып, тексергенде көк түсті мотоциклді тапты. Күдікті 19 және 33 жастағы тұрғындар полиция бөліміне жеткізілді. Олардың үш мал ұрлығына қатысы бар екені анықталды. Жалпы, 5 жылқы ұрлап, жәбірленушілерге 1,3 млн теңге шығын келтірген.   https://youtu.be/VkM0ynbyIm8 Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.