Алматының көлік инфрақұрылымында өзгерістер көп
Алматының көлік инфрақұрылымында өзгерістер көп
©tengrinews.kz

2021 жылы Алматының батысында екі метро бекеті іске қосылады. Оның бірі – «Сарыарқа», екіншісі –  «Б. Момышұлы». 

Мыңдаған алматылықтар үшін Nur Otan партиясының және Алматы мәслихаты депутаттарының шешімімен, әрі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қаланың көлік инфрақұрылымы жыл сайын жақсарып келеді. Жаңа жыл қарсаңында Алматыда Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысында жол айрығы ашылды. Сонымен қатар көптен күткен Абай көшесінің жалғасы ашылып, Момышұлынан Алатау көшесіне дейін ұзарып, тұрғындардың игілігіне берілді. [caption id="attachment_177624" align="alignnone" width="1280"]көлік ©skyscrapercity.com[/caption] Жақын арада «Сарыарқа» мен «Б. Момышұлы» метро бекеттерін техникалық мүмкіндік бойынша іске қосу шарасы өтеді. – Кіші Алматы өзенінің бойындағы жолаушылар жүретін жол жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар Тіксай өзенінің маңы да ретке келтірілді. Қалалықтарға арналған Есентай өзенінің бойындағы құрылыстар жалғасын табады, – деді Алматы қаласы Мәслихаты хатшысы  Станислав Канкуров. Хатшының сөзінше, Кіші Алматы өзенінің маңындағы 9 шақырымға созылған жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып, көгалдандырылады. Бес мыңға жуық өсімдік түптері отырғызылды. Көгалдың сыртқы бөлігін қаптап тұратын, әрі әдемі көрінісін қамтамасыз ететін сәнді әрі бірегей конструкциялар жасалды. – Аймақты абаттандыру жұмыстарының басты міндеті – жағалаудағы жайлылық пен қауіпсіздік. Сол себепті, мұндағы жүргіншілер жолы кеңейтіліп, жағалауына өсімдік түптері отырғызылып, балалар ойнайтын алаңдар ұйымдастырылды, – деді С.Канкуров. Сондай-ақ Мақатаев көшесіндегі көпір қайта жөндеуден өткізілді. Маңайдағы орындықтар жаңартылып, навигациялық және ақпараттық қабырғалар орнатылды. Сонымен қатар әл-Фараби даңғылындағы тунель абаттандырылып, оқушылар сарайы артында айналаны қарау алаңы жасақталды. Әрі санитарлық бөлімдер орнатылып,  іске қосылды. 4,2 шақырым болатын жаңа променадты аймақтың құрылысы қызу жүріп, Есентай бойындағы су бөлу жүйесінің құрылысы жалғасады. Әзірге өзен сағасын бекітіп, күшейту жұмыстары аяқталып қалды. Өзенің жағалауына көше шамдары мен спорттық ойын түрлеріне арналған алаңдар жасақталған. 3 мыңнан аса өсімдік түптері 3000 шаршы метрге отырғызылды.  800 метр ағаш көпір салынса, 1,6 километр жаяшу жолына асфальт төселді.