Елордада полиция қызметкерлері «Астана Операдан» адамдарды эвакуациялады
Елордада полиция қызметкерлері «Астана Операдан» адамдарды эвакуациялады
© sputnik.kz
90
оқылды
Aстана Опера баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 11.45-те әкімшілікке қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылғаны туралы ақпарат түскен.
Барлық көрермен мен театр ұжымы ғимараттан эвакуацияланды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері құрылғыға сараптама жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижелері туралы қосымша хабарланады, – делінген хабарламада.
Ақпарат бойынша, театрдың қауіпсіздік қызметі ғимаратта 30 жастағы ер адамның сөмкесінен күдікті зат тауып, полицияға хабарлаған. Театрдағы адамдар эвакуацияланды. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.