Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының «дельта плюс» штамы анықталды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Желтоқсан айының басында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің мәліметтеріне сәйкес, елордада «дельта» және «дельта плюс» штамы айналымда жүр», – деді ол қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.Сөз арасында елорданың бас дәрігері мәліметтерге тоқталып өтті.
«Қазір Нұр-Сұлтан қаласында «дельта» штамы 47 пайыз, ал «дельта плюс» штамы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр», – деді Сархат Бейсенова.