Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті АӨК субъектілеріне жайылымдарды суландыруға арналған инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігін көздейтін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде субсидияларды жымқыру дерегін анықтады. 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде облыстың шаруа қожалықтарының басшыларын алдау жолымен ЖШС басшысының қатысуымен тұлғалар тобы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіргені анықталды. Іс жүзінде ЖШС басшысы күн панельдерінің бір жиынтығының бағасын 94,4%-ға, яғни екі есеге арттырған. Іс сотқа жолданды.