6 өңірде ескерту жарияланды
6 өңірде ескерту жарияланды
© stan.kz
255
оқылды
30 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда облысының орталығында тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының батысында,таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 18 м/с күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде және орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.