Алматыда «Ялян» базары өртенді
Алматыда «Ялян» базары өртенді
© tengrinews.kz
Оқиға 29 желтоқсанда түстен кейін болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 16.45-те базардағы контейнерлер жанып жатқаны туралы хабар түскен.
"Техника көмегімен «Жаңа Ялян» базарында өрт сөндіру бойынша жұмыс істелді. Екі контейнер өртенді, үшіншісіне жоғары температура әсер етті. Көрші контейнерлерді сөндіру үшін шаралар жасалды, газ түтінінен қорғау қызметі жұмыс істеді, от одан әрі таралмауы үшін көрші контейнерлер ашылды", – деп мәлімдеді ведомство өкілі.
Жасалған шаралар нәтижесінде, өрт 17.16-да толықтай сөндірілді.