Қостанай қаласындағы көліктік ХҚО ауданындағы теміржол өткелінде көлік пойызбен соқтығысты, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Бүгін таңертең ХҚО ауданында жол апаты болды. «Нұр-Сұлтан – Орал» бағытымен жүріп келе жатқан пойыз теміржол өткелінде 40 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «Шевроле круз» көлігімен соқтығысты. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр», – деп түсіндірді департаменттен.Көлік жүргізушісінің теміржол өткелінен бағдаршамның тыйым салынған белгісі жанғанда өтпек болғаны анықталды. Жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге әсіресе ауа райының қолайсыз жағдайында жол ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертті.