Президент өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды
Президент өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды
Фото: dalanews.kz
139
оқылды

Қазақстанда өлім жазасына қатысты заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұған дейін аса ауыр қылмыс жасап, өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтеп жатқан «Қара бүркіт» түрмесі туралы жазған болатынбыз.