Қарағанды – Нұр-Сұлтан тасжолында жол апаты болып, жүргізуші әйел көз жұмды. Жол апаты бүгін 09.42-де болғаны хабарланды.
"Toyota Yaris көлігінің 36 жастағы жүргізушісі Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолы бойымен келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Осылайша, ол Irisbus Crossway маркалы автобуспен соқтығысқан. Toyota Yaris көлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп мәлімдеді қалалық полиция қызметкері.