ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің мектеп оқушылары математика мен географиядан бір-бір алтын медаль алды. Сонымен қатар қазақстандық оқушылардың еншісінде 13 күміс бар. Нақтырақ айтқанда, еліміздің оқушылары физикадан – 5, математикадан - 3, химиядан – 3, биологиядан – 1 және географиядан 1 күміс медаль еншіледі. Ал оқушыларымыз 11 қола медальді информатика (4), математика (2), биология (2), лингвистика (1), химия (1) және география (1) пәндерінен жеңіп алды. Елімізде халықаралық зияткерлік олимпиадаларға қатысушыларды ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медаль иегерлеріне 1500 АЕК, күміс – 1000 АЕК, қола – 500 АЕК көлемінде сыйақы тағайындау жоспарланып отыр.