30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: kolesa.kz
129
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа райы құбылмалы болады.

Қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді. Оңтүстікте күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түседі. Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғып, батысында, орталығында жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, Алакөл көлдері ауданында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың орталығында желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді. Қызылорда облысының орталығында тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, облыстың оңтүстік-батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.