Аязға байланысты колледж студенттері қашықтан оқиды
Аязға байланысты колледж студенттері қашықтан оқиды
Фото: youtube.com
135
оқылды

Бүгін астанада ауа температурасы күрт төмендеді. Сондықтан колледждің 1-2 курс студенттері сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы IKomek қызметі хабарлады.

«Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ауа райының нашарлап, қатты аяз болуына байланысты 30 желтоқсан күні 1-ауысымдағы колледждердің 1,2 курс студенттері сабақты қашықтан оқиды» делінген хабарламада.

Бұған дейін аймақтарда ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.