Елімізде көлігінің нөмірі көрінбей қалған жүргізушілер айыппұл төлейді.
ШҚО Полиция департаментінің хабарлауынша, көліктегі мемлекеттік тіркеу нөмірі стандартқа сай анық көрініп тұруы тиіс.Егер көлік нөмірі көрінбей қалса жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (14 585 теңге) айыппұл салынады.«Көлік нөміріндегі сандар мен әріптерге басқа жазу мен «3D» символ түріндегі элементтерді жабыстыруға рұқсат жоқ. Нөмірдің колориметриялық сипаттама стандартын сақтауға міндетті. Сондай-ақ көлік нөмірін қар мен шаң, батпақтан тазалап тұруы шарт», – дейді басқарма өкілі.
Бұған дейін «Жұмабектің бажасымын» деп полицейлерге сес көрсетіп, жол ережесін бұзған жүргізуші туралы жазған болатынбыз.