Петропавлда жаңа жылдан бастап жылу бағасы қымбаттайды
Петропавлда жаңа жылдан бастап жылу бағасы қымбаттайды
150
оқылды

Бұл туралы жылу-электр станциясындағы апат жайлы өткен брифинг барысында энергетиктер мәлімдеді.

Онда айтылғанындай, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғындар үшін жылу төлемақысы 5 пайызға қымбаттайды. Бұл – жоспарлы шара. Петропавлдықтар бұған дейін жылудың 1 гигакалориясы үшін 3 150,37 теңге төлеп келген болса, жаңа жылдан бастап  3 307, 89 теңге төлейтін болады. Ал заңды тұлғалар үшін жылу бағасы 8 391,87 теңгеден 8 811,58 теңгеге дейін шарықтап шыға келмек. Ең көп шығынданатын – бюджеттік ұйымдар. Олар үшін жылу бағасы 10,2 пайызға көтерілмек: қазіргі 13 001,86 теңгеден 14 322,20 теңгеге дейін.    width= Энергетиктердің айтуынша, бұл қымбаттау ұзақмерзімді кезеңге, яғни 2021-2025 жылдарға жоспарланған. Мұны «Севказэнерго» АҚ бас директоры Михаил Косачев пен №2 жылу-электр орталығының директоры Ержан Қоңырбаев кәсіпорынның құрал-жабдығы қаусап тұрғандығымен және оны жаңарту қажеттілігімен түсіндірді. Спикердің айтуынша, станцияның қазандық агрегаттарының тозуы 75 пайызды құрайды. Дегенмен, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Бақыт Ілиясовтың айтуынша, 2021 жылы энергетика саласын жөндеуге және қайта жаңғыртуға 3,7 млрд теңге бөлінген. Соған қарамастан, энергетиктер жылу бағасын қымбаттатқалы отыр.