Астанада баспана кезегінде тұрған азаматтар пәтер кілтін алды
Астанада баспана кезегінде тұрған азаматтар пәтер кілтін алды
Фото: Александр Куприенко
195
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында кезекте тұрған тұрғындарға пәтер кілтін табыстады, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жаңа жылды қала тұрғындарының бір бөлігі көптен күткен пәтерінде қарсы алады. Бүгін жылдар бойы кезекте тұрған елордалықтарға пәтер кілті табысталды. Олардың арасында жетім балалар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мүгедектер, толық емес отбасылар, зейнеткерлер және т.б. бар.   [caption id="attachment_177728" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Александр Куприенко[/caption] Тұрғын үй кешені Алматы ауданында орналасқан (Ш.Құдайбердіұлы көшесі). Кезекте тұрған 200-ге жуық отбасына аталған тұрғын үйден пәтер берілді. Көктемде аумағын абаттандырып, ағаш отырғызамыз. Осы айда кезекте тұрған 2 мыңнан астам отбасы әлеуметтік пәтердің кілтін алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй саны 10 мың әлеуметтік пәтерге дейін ұлғайды. Соңғы 3 жылдың өзінде қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй саны 5,5 есеге артты. Мысалы, 2018 жылы 1800 пәтер, 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы 7 мыңнан астам қолданысқа берілді. Бұл көрсеткіш алдағы жылдары да сақталмақ. Жаңа 2022 жылы тағы да 10 мың әлеуметтік пәтер саламыз. Дайындық жұмыстары басталды.   [caption id="attachment_177729" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Александр Куприенко[/caption] Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын жалғастырамыз, биыл да жастарға арналған Elorda Jastary арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық.   [caption id="attachment_177730" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: Александр Куприенко[/caption] Қоныс той құтты болсын! Әрбір отбасыға амандық тілеймін!» –деп жазды әкім Instagram парақшасында.