Алматыда тұңғыш ұстазға ескерткіш қойылды
Алматыда тұңғыш ұстазға ескерткіш қойылды
214
оқылды

Алматыда қазақ халқының ұлы ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринге қойылған ескерткіш ашылды.

Ескерткіш ағартушы, педагогтің туғанына 180 жыл толуына орай бой көтеріп отыр. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. ескерткіш Іс-шара барысында қала әкімі Б. Сағынтаев Ыбырай Алтынсариннің мұрасы тек бір халық пен этнос үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін аса құнды екенін атап өтті. Алты метрлік ескерткіштің авторлары – Данияр Сарбасов, Әлімжан Тоқбаев, Дулат Үсенбаев және Қанат Бегулиев.