Алматыда қазақ халқының ұлы ағартушысы, жазушы, этнограф, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринге қойылған ескерткіш ашылды.
Ескерткіш ағартушы, педагогтің туғанына 180 жыл толуына орай бой көтеріп отыр. Салтанатты шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.