Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 28 желтоқсанда Land Cruiser көлігі Ақтөбедегі суқойманың жағалауынан ұзап, 50 метр жерде мұз астына 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен.

"Балық аулауға барған жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгерген. Жедел-құтқару жұмыстары нәтижесінде көлік судан шығарылды. Апат болған жерде мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болған", — деді құтқарушылар.
Төтенше жағдайлар министрлігі мұз беріктігін соққымен тексеруге тыйым салынғанын, мұзда көлік жүргізу кезінде қауіпті аймақтар мен қалың қар басқан аумақтарды айналып өту керегін ескертті. Сонымен бірге ведомство бұталар мен қамыстар маңында мұз жұқа және осал болатынын баса айтты.
"Қалыңдығы 10 сантиметрден кем емес мұз адам үшін, кемінде 20 сантиметр жеңіл автокөліктер үшін, кемінде 30 сантиметр жол талғамайтын көліктер үшін қауіпсіз саналады", — деді құтқарушылар.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Aqtóbe oblysynyń ТJD (@aqtobe_tjd)