6 өңірде ескерту жарияланды
6 өңірде ескерту жарияланды
© inbusiness.kz
106
оқылды
Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Ақмола облысының оңтүстігіне, батысына тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігіне, оңтүстігіне тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы бірден 21-26 градусқа дейін төмендейді, облыстың солтүстік-шығысында 33 градус аяз болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысына тұман түседі. Қызылорда облысының солтүстігіне тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, облыс орталығында түнде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында тұман болады. Түркістан облысының батысына, таулы аймақтарға тұман түседі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман болады.