2021 жылы Өскеменде қандай есімдер жиі қойылған?
2021 жылы Өскеменде қандай есімдер жиі қойылған?
204
оқылды
2021 жылы Өскеменде 6 мыңнан астам нәресте дүниеге келген. Қалалық АХАЖ бөлімінің хабарлауынша, биылғы жылдың қаңтары мен желтоқсан айлары аралығында облыс орталығында 3357 неке тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Жалпы, биылғы жылдың 11 айында Өскеменде 6384 сәби өмір есігін ашыпты. Ұл балаларға Батырхан, Нариман, Әлтайыр, Наиль, Хантөре, Владислав, Лев, Руслан, Марк, Арсений, қыз балаларға Інжу, Аиша, Медина, Анель, Томирис, Елизавета, Злата, Анастасия, Рамина, Каролина секілді есімдер қойылыпты. АХАЖ мамандары биыл әсіресе Ибраһим, Томирис, Медина, Әміре, Хантөре, Ясмин, Богдан, Әмір, Есения, Виктория, Ярослав, Хан, Асылым сияқты есімдер жоғары танымалдыққа ие болғанын айтады.