Көкшетау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Жалын 4 отбасына арналған барак түріндегі үйдегі пәтерлердің бірінде тұтанды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Құтқарушылар өртенген пәтердің ішінен түтінге уланған ер адамды ес-түссіз күйінде тауып алған. Өрт сөндірушілер дереу реанимациялық әрекеттер жасап, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.«Өрт 10-35-те ауыздықталып, 10-55-те толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 4 бірлік техника шықты. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Ақмола ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді. Өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз! Өрт шыққан жағдайда дереу құтқару қызметінің 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз», – делінген ведомство хабарламасында.