31 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
31 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
171
оқылды
Синоптиктер 31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады. Мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ауа температурасы түнде -21-26 градусқа дейін, солтүстік-шығыста -33 градусқа дейін күрт төмендеуі күтіледі. Қостанай облысының шығысында тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймағында тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.