«Қазгидромет» алдағы 1-3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ақ теңіз ауданынан жылжып келе жатқан солтүстік-батыс циклоны әсерінен батыста қар жауады. Тек қана Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елімізде жел 15-23 м/с дейін күшейеді. Батыс және оңтүстікте көктайғақ болып, солтүстік және орталық өңірлерде боран соғады. Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды және аяздың беті қайтады.3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10-18, күндіз 3-8 градус суық болады. Оңтүстік жартысында термометр бағаны 0-5 градусқа жетеді. Кей жерлерде 10-13 градус жылы болады.