Оралда лифтке қысылып қалған перзентхана қызметкері қаза тапты
Оралда лифтке қысылып қалған перзентхана қызметкері қаза тапты
Фото: mgorod.kz

Оралда перинаталды орталықтың 50 жастағы қызметкері лифтке қысылып қалған, – деп жазады «Мой город» басылымы.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңертең болды. Перинаталды орталықта 1971 жылы туған қызметкер қаза тапты. Ол жүк тасуға арналған лифтіде қысылып қалып, қаза тапты. Мәйітін құтқарушылар алып шыққан. Полицияға оқиға туралы сағат 8:56-да хабар түскен. Перинаталды орталық қызметкері жүк тасуға арналған лифтінің шахтасына құлап кеткен. Оқиға орнында көз жұмған. Мән-жайды анықтау үшін полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.