Бестөбеде заңсыз алтын өңдейтін цех жойылды  

Бестөбеде заңсыз алтын өңдейтін цех жойылды  

Ақмола облысында полицейлер Бестөбе кентінде құрамында алтыны бар пайдалы қазбаларды өңдейтін цехты жойды.

Заңсыз алтын өндіретін ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Оларды анықтау үшін Ақмола облысының Степногорск қаласы, Ақсу, Бестөбе, Изобильный кентінде 12 рет тінту жүргізілді.

Бестөбедегі шағын цех жойылды. 1,5 тонна құрамында алтын бар пайдалы қазба, үш уатқыш қондырғы, 3 жуу үстелі, кварцты кенді елеуге арналған құрылғы, электрондық таразы, қарудың үш түрі, құрамында алтын бар екі тас, 80 гр алтын құм, бір қолдан жасалған бұйымы, 16 калибрлі сегіз аңшылық патрон, сейф, ноутбук, мобильді құрылғылар, флэш-карталар, күдіктіге тиесілі көлік тәркіленді.

Факті бойынша ҚК-нің 295-1-бабы (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.