ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы бойынша жаңа қаулысында нысандардың жұмысына қатысты тиісті режим белгіленді.
Қаулы бойынша, жұмыс және демалыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне (азық-түлік емес), сауда желілеріне (сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын азық-түлік нысандары), караокеге кіруге қауіпсіз "жасыл" статусы (вакцинация, сынама алынған күннен бері 7 тәулік өтпеген ПТР-тестінің теріс нәтижесі, тұрақты медициналық себебі бар, соңғы 3 ай ішінде коронавируспен ауырып тұрған адамдар) бар қызметкерлер мен келушілерге ғана жұмыс режиміне шектеусіз рұқсат беріледі.- «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін; - «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін; - «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз ету бекітілген.Қаулы 2022 жылдың 5 қаңтарнан бастап күшіне енеді.