Өрт сөндірушілер 55 жастағы ер адамды құтқарып қалды
Өрт сөндірушілер 55 жастағы ер адамды құтқарып қалды
Фото: Inform.kz
200
оқылды
Көкшетау қаласындағы барақ үлгісінде салынған үйден өрт шықты. Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт Көкшетау қаласындағы барак үлгісіндегі 4 пәтерлі тұрғын үйде болған. Өрт кезінде 55 жастағы тұрғынның пәтері түтінге толып, ол есінен танған. Өрт сөндірушілер дереу реанимациялық әрекеттер жасап, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
«Құтқарушылар түтінге уланып, ес-түссіз күйде жатқан ер адамды тапты. Өрт сөндірушілер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Әлімжан Мұстафин, Евгений Ефремов және Әліби Комаров сияқты өрт сөндірушілердің арқасында ер адам аман қалды», - деді ведомстводан.
  Өрт сағат 10.35-те ауыздықталып, сағат 10.55-те сөндірілді. Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 23 қызметкер және 4 техника жұмылдырылды. Алдын ала анықталғандай, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.