ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

жасады

Ішкі істер министрлігі қысқы кезеңде жолдардағы қауіпсіздік шаралары туралы ескерту жасады.

"Қысқы уақыт жол қозғалысының әрбір қатысушысынан ерекше сақтықты және мұқияттылықты талап етеді. Климаттық өзгерістерге, көлік ағыны ұлғаюына, көріну нашарлауына, көлік ішінен нашар көрінуі, күн сәулесі жетіспеуіне байланысты жолдарда қауіп бірнеше есе артады", - деді полицейлер.

ІІМ қысқы жолмен жүру кезінде мынадай талаптарды еске салады:

  • көктайғақта, жаңадан жауған қарда, тапталған қарда қашықтықты, бүйірлік аралықты, жылдамдық режимін қатаң сақтау, сондай-ақ кенеттен тежеуге жол бермеу қажет.
  • Ауа райына қатысты ақпаратты және ауа райының нашарлауы мен жолдарды жабу жайлы ақпараттарды ескеру керек.Ведомство қызметкерлері ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңнің басында жол-көлік оқиғалары саны күрт өскенін айтты.
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.