Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында өтіп жатқан W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Осы доданың 4-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жарыс барысында екі бәсеке өткізіп, жартылай финалға шыққан еді. Қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен кездесуі керек еді. Алайда қарсыластары кортқа шықпай қалды да, Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич ойнамастан финалға жолдама алды. Енді Жібек пен Диана финалда тағы бір қазақстандық Анна Данилина – украиналық Валерия Страховамен бас жүлдені сарапқа салады.