Өскеменде екі теплоход өртеніп кетті - видео
Өскеменде екі теплоход өртеніп кетті - видео
Фото: ШҚО ТЖД
147
оқылды

Өскеменде жағада тұрған екі теплоход пен дебаркадер жанып кетті, деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келген. Барлауды жүргізу кезінде өрт сөндірушілер екі кеме мен кафе ретінде пайдаланылатын дебаркадердің жанып жатқаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы 50-60 шаршы метрді құрады. Төтенше жағдай су электр станциясының маңайында болған. Жағада тұрған екі теплоход өртке оранды, екеуін де дәмхана ретінде пайдаланған. Өрттің шығу себебі әлі анықталмады. Өрт орнында жедел штабтан 60 адам жұмыс істеп жатыр. 11 бірлік техника жұмылдырылды. Әзірге зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы ақпарат жоқ.