Жаңа жыл түні 300-ден астам нәресте дүниеге келді
Жаңа жыл түні 300-ден астам нәресте дүниеге келді
Фото: Оlant-shop.ru
225
оқылды

1 қаңтар сағат 00.00 мен таңғы 08.00- дейін 300-ден астан нәресте дүниеге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

«Жаңа жыл түні Қазақстан бойынша 305 нәресте дүниеге келді. Оның 142 қыз, 163 ұл бала. Олардың көпшілігі Түркістан қаласында дүниеге келген», - делінген хабарламада. Нұр-Сұлтанда Жаңа жыл түні 16 сәби дүниеге келген.