Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші ITF турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Үндістанның Мумбаи қаласында ITF W25 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстан теннис федерациясы мәліметінше, Құламбаева осы жарыстың 1-ракеткасы латвиялық Диана Марцинкевичпен финалда чемпиондық атақты сарапқа салды. Қарсыластары қазақстандық Анна Данилина – украиналық Валерия Страхов болды.  Бірінші партияда Жібек пен Диана 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Анна мен Валерия есе қайырды – 6:4. Супер тайбрейкте Ж.Құламбаева мен Д.Марцинкевич жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша Жібек жұптық сында ITF турнирлеріндегі 14-інші, биылғы алғашқы титулына қол жеткізді.