Елімізде құжат рәсімдеу құны өзгерді
Елімізде құжат рәсімдеу құны өзгерді
Фото: turkystan.kz
216
оқылды
1 қаңтардан бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш өсті. Бұл құжаттарды дайындау құны да өзгергенін білдіреді, - деп хабарлайды  Kstnews.kz сайты. 2022 жылы АЕК мөлшері 2 917 теңгеден 3 063 теңгеге дейін өседі. Осы көрсеткішке сүйене отырып, қазақстандықтарға құжат жасату құны мындай болады:
  • төлқұжат алу - 24 504 теңге (8 АЕК);
  • жеке куәлік - 613 теңге (0,2 АЕК);
  • жүргізуші куәлігі - 3 828 теңге (1,25 АЕК);
  • туу туралы куәлік - тегін, бірақ құжат өзгертілген, толықтырылған және қалпына келтірілген жағдайда - 1 532 теңге (0,5 АЕК);
  • некені тіркеу - 3 063 теңге (1 АЕК), куәлікті қайта ресімдеу - 1 532 теңге (0,5 АЕК);
  • некені бұзуға арыз беру - 6 126 теңге (2 АЕК).