2022 жылдың 1 қаңтарына қараған түні елордада 16 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Жаңа жылдың бірінші күнінде көпбейінді қалалық ауруханалардың акушерлік блоктарында 6 қыз және 10 ұл бала дүниеге келді. Орта есеппен тәулік ішінде 80-90 баланың дүниеге келуі күтіледі. Сондай-ақ астанада 125 жедел жәрдем бригадасы Жаңа жылда кезекшілік атқарды.