Жапонияда КВИ-ге қарсы өмір бойы иммунитет беретін екпе сынақтан өткізілмек
Жапонияда КВИ-ге қарсы өмір бойы иммунитет беретін екпе сынақтан өткізілмек

Токио медициналық ғылымдар институтының бір топ ғалымы коронавирусқа қарсы өмір бойы иммунитет қалыптастыра алатын вакцина әзірлеуге кірісті. Вакцина 2023 жылдан бастап сынақтан өткізілуі мүмкін, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Japan Times басылымының жазуынша, профессор Митинори Кохара бастаған мамандар XVIII ғасырда жасалған шешекке қарсы вакцинаны негіз етіп алған. Ол вакцинаның құрамында адамға зиянсыз сиыр шешегінің вирусы болған, соның арқасында әлем бойынша шешектің таралуын тоқтатуға мүмкіндік туған еді. Бүгінгі таңда зерттеушілер құрамында коронавирус бар рекомбинантты вакцина вирусын жасауға ниетті. Олар мұндай препарат иммунитеттің коронавирусқа өмір бойы қарсы тұра алуына ықпал етеді деп есептейді. Дегенмен, жаңа штамдар пайда болып жатса, жағдайдың қандай болатыны әзірге белгісіз.
«Мен аденовирус пен РНҚ вакциналары сияқты әртүрлі вакцина технологияларымен жұмыс істедім, алайда шешек вакцинасы вирусының векторын қолданатын препараттар бәрінен де күшті болып отыр», - дейді профессор М. Кохара.