Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 2 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, - деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
2 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 468 адам коронавирус инфекциясынан (–14 537+ және 1 931 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 101 пациент стационарда, 14 367 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:- 196 адамның жағдайы ауыр, - 69 пациенттің жағдайы өте ауыр, - 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша 24 жаңа жағдай тіркелді, 38 адам жазылып шыққан, өлім жағдайы тіркелген жоқ. Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 84 229; - өлім жағдайы – 5 216; - барлығы 77 082 адам сауығып шықты.