Қай елде зейнетақы мөлшері жоғары?
Қай елде зейнетақы мөлшері жоғары?
©А.Ахметқазы

БҰҰ мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда әлемде жасы 60-қа келген адамдар саны – 1 миллиард. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда, 300 миллионға көп. Ұйымның болжамынша, егде жастағы адамдардың жасы алпыстан асқан халық саны 2050 жылға қарасты 1,5 млрд адамға дейін өсуі мүмкін, - деп хабарлайды Informburo.kz сайты.

Әр елдегі зейнетақы мөлшері Орташа еңбекақымен салыстырғанда, ең үлкен зейнетақы Түркия, Жапония және Канадада. Ал ең төмен зейнетақы төлемдері Оңтүстік Корея, Сингапур және Чилиде. Еңбекақыға зейнетақысының 2,64 коэффициенті теңестірілген елдер қатарында Қазақстан 9 орында орналасқан.
Ел Орташа еңбекақы, теңге Орташа зейнетақы, теңге Еңбекақыға теңестірілген зейнетақы коэффициенті
Түркия 224 900 198 800 1,13
Жапония 1 268 400 656 300 1,93
Канада 1 647 000 827 000 1,99
Италия 1 263 900 592 000 2,13
Бразилия 202 600 94 000 2,16
Израиль 1 593 700 732 600 2,18
Франция 1 495 300 641 300 2,33
Норвегия 2 388 300 1 006 000 2,37
Қазақстан 263 900 100 000 2,64
Кытай 503 200 171 400 2,94
Әр елдегі зейнет жасы Ерлер зейнетке – 60-67, ал әйелдер 58-67 жас арасында шығады. Бәрінен ерте зейнетке Түркияда шығады: ерлер – 60, ал әйелдер – 58 жаста.
  • АҚШ, Италия және Израильде ерлер зейнетке кеш шығады – 67 жас;
  • Италияда әйелдер – 67 жас;
  • Ұлыбритания мен Австралияда – 66 жаста.
Басқа елдермен салыстырғанда, Оңтүстік Корея мен Сингапурде ерлер ұзақ өмір сүреді – 18 және 17 жыл. Ал әйелдер Қытай мен Оңтүстік Кореяда ұзақ өмір сүреді – 25-24 жас. Бразилияда керісінше зейнетке шыққан ерлер аз өмір сүреді – 6 жас, ал әйелдер Үндістанда – 12 жыл. Әр елдің зейнеткерлері қанша өмір сүреді?
Ел Халықтың өмір сүру ұзақтығы Зейнет жасы Зейнеткерлер қанша жыл өмір сүреді
Ерлер Әйелдер Ерлер Әйелдер Ерлер Әйелдер
Қазақстан 70 77 63 60 7 17
АҚШ 74 80 67 65 7 15
Канада 80 84 65 65 15 19
Бразилия 71 79 65 62 6 17
Чили 77 83 65 60 12 23
Италия 81 86 67 67 14 19
Германия 78 83 65 65 13 18
Франция 78 84 62 62 22 16
Ұлыбритания 78 82 66 66 12 16
Норвегия 77 83 62 62 15 21
Зейнет жасын не үшін көтереді? Соңғы онжылдықтарда кейбір елде зейнет жасын жыл сайын көтеру үрдісі пайда болды. Франция, Кытай, Ресейге теңдес, бұл реформа Қазақстанда да енгізілді. Қазір ҚР-да ерлер зейнетке – 63 жаста, ал әйелдер 60 жаста (2021 жылы) шығады. Заңға сәйкес, әйелдердің зейнеттік жасы жыл сайын 10 жыл ішінде 6 айға дейін өсіп отырады (2027 жылға дейін).