Елордалық полицей пойыз астына түсе жаздаған әйелді құтқарып қалды – Видео
Елордалық полицей пойыз астына түсе жаздаған әйелді құтқарып қалды – Видео
321
оқылды
Полиция қызметкері пойыз астына түсіп қала жаздаған жолаушыны құтқарды. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды көліктегі Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Пресногорьковка–Павлодар» бағытындағы пойыз жолаушысы Бурабай курорты станциясында теміржол платформасындағы дүңгіршекке өту үшін вагоннан шыққан. Ол «Қарағанды-Қостанай» бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызын байқамай қалған. Бақытымызға орай, жақын жерде полицияның аға сержанты Саят Қадыров болды, ол тез әрекет етіп, жолаушының пойыз астына түсіп қалуына жол бермеді. Әйел өзін құтқарып қалған тәртіп сақшысына алғыс айтты», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция аға сержанты Саят Қадыров 1996 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. ҚР ҰҚК Шекара қызметінде мерзімді қызмет өткерген. 2018 жылдан бастап Бурабай курорты станциясында полицияның желілік бөлімшесінің патрульдік полиция тобында жұмыс істейді. https://www.youtube.com/watch?v=kxukKPtoSiQ