17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 20 жасқа дейінгілер арасында блиц және рапид бойынша FIDE әлемдік рейтингінде көш бастап тұр. Шахматшы блиц-шахматтан әлем чемпионы және рапид бойынша вице-чемпион атанған.
Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте Бибісара Асаубаева блиц-шахматтан 10-орын, рапид бойынша 19-орын, классикалық шахматта 33-орын алды.30 желтоқсанда Асаубаева ресейлік Александр Горячкинді жеңіп, блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионаты Варшавада 25-30 желтоқсан аралығында өтті.