Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында тұрғындар билікке бейнеүндеу жолдап, газ бағасын арзандатуды талап етіп наразылыққы шықты, - деп хабарлады Лада басылымы. Жергілікті тұрғындар Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен Жаңаөзен басшысы Мақсат Ибағаровқа бейнеүндеу жолдады. Жаңаөзендіктердің айтуынша, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап "көгілдір" отын бағасы күрт – 120 теңгеге дейін өскен. Тұрғындар елдегі ең төменгі жалақыны ескеріп, газ бағасын 60 теңгеге дейін түсіруді талап етуде. https://www.youtube.com/watch?v=yA2-39yJDqE&feature=emb_title