Синоптиктер 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстанның солтүстік-батыс және оңтүстік аудандарына циклон әсер ете бастайды – жауын-шашын жауады, желдің күшеюі, көктайғақ және температураның жоғарылауы байқалады. Еліміздің қалған территориясында аязды, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Атырау облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстігінде – тұман түседі. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасынмен, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады, батысында жел 15-20 м/с соғады. Түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, Алакөл маңында жел 18-23, екпіні 29 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында түнде және таңертең тұманды болады, күндіз батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады, орталығында тұман түседі.